Астанада балалардың менингит диагнозымен ауруханаға түсуіне байланысты дәрігерлер сұхбат берді. Олардың айтуынша, бұл ауруды менингококкпен шатыстыруға болмайды. Менингит жиі кездеседі және тез емделеді. Жыл басынан бері елордадағы балалар инфекциялық ауруханасына бұл диагнозбен 199 бала түскен екен. Барлығы да емделіп, үйлеріне аман-сау оралған. Қазір 8 оқушы ем қабылдап жатыр. Дегенмен, сақтық шараларын да сақтаған жөн. Аурудың алғашқы белгілері - бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, құсады. Осы орайда мамандар өз бетімен ем қолданбай, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.
Динагүл Баешева, «Астана медицина университеті» АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі:
- Сирозды менингит ол өте жиі кездесетін аурудың бірі. Ол этровирус деген вирустардан адамнан адамға жұғады. Ол ауа арқылы жұғуы мүмкін. Үлкен адамдар ол аурумен ауырмайды. Бірақ, көбінесе олар тасымалдаушы болады да өз балаларына жұқтыруы мүмкін.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.