Алматыда кореялық дәрігерлер тегін кеңес берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кореялық дәрігерлер тегін кеңес берді

24.08.2018

Ақ халаттылар бір күн бойы таңнан кешке дейін кез келген тұрғынның денсаулығын тексеріп, кейбір азаматтарға медициналық көмек те көрсетті. Негізінен, омыртқа және буын ауруларын ешқандай операциясыз емдейтін орталық тұрғындарға ине салып, протрузия, остеохондроз сияқты дерттердің зардабын тартқан науқастарға қолұшын созды. Орталық мамандары осы тұрғындарға, алдағы уақытта науқастарға барынша жеңілдік жасауды да жоспарлап отыр.

Айнагүл Бейсенбекова, зейнеткер:

- Бізге консультация берді. Рахмет. Үйден ешқайда шықпай, төменге түсе салдық. Айтқан кеңестері ұнады.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу