Алматыда танымал қаржыгерлер тегін кеңес беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда танымал қаржыгерлер тегін кеңес беруде

24.11.2017

Алматыда танымал қаржыгерлер мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен кәсіпкерлерге инвестиция тартудың жолдарын көрсетіп, тегін кеңес беруді бастады.

Олар бизнесмендерге түрлі ауқымдағы қаржылық қызметтерді ұсынбақшы. Белді мамандар елдегі қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдары мен жеке инвесторлардың ресурстарын тартып, инвестициялық жобаларды дамытуға септігін тигізеді. Осылайша, мемлекеттің экономикалық дамуына қолдау көрсетпекші. Қаражатты сақтау мен оны айналдырудың жолдарын үйретіп, халықаралық қаржы нарығымен әлемдік биржаға шығудың тиімді тетіктерін нұсқайды.

Темірлан Иманбаев, қаржыгер:

 - Біз өз тарапымыздан жеке инвесторлардың активтерінің кірісін өсіру үшін кеңес береміз. Солардың стратегиясын құрып, қаржылық активтерді ең тиімді жолмен басқару турасында жан-жақты ақпаратты айтамыз. Бұл әрине, елдегі бизнесмендерге жасалған қолайлы жағдай деуге болады.

Амангелді СЕЙІТХАН    

Хабарламаларға жазылу