Астаналық ата-аналар арызы: Науқас балғындарға жеңілдік қайтарылсын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық ата-аналар арызы: Науқас балғындарға жеңілдік қайтарылсын

08.06.2018

Науқас балаларға жеңілдік қайтарылсын. Бүгін Астанада психоневрологиялық ауытқуы бар науқас балалардың ата-аналары осындай мәселені ортаға салды. Айтуларынша, олар 2016 жылға дейін жылына бір рет шипажайларға жолдама алатын. Соңғы екі жылда заңға өзгертулер енгізіліп, балғындар бұл жеңілдіктен қағылған. Онсыз да тағдыр тауқыметін тартқан балалардың енді бұл мүмкіндіктен айырылуын ата-аналар қауымы қоғамнан шеттету деп санайды. Тек елорданың өзінде мұндай балалар саны 300-ден асады. 

Айгүл Бердалиева, «Күн әлемі» қоғамдық қорының мүшесі:

- Осы жеңілдікті алып тасағаны бізге моральдық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да қабырғамызға батып отыр. Ақыл-есі кем болғанымен олар дамуға лайық балалар. Олар қоғамға ешқандай зиянын тигізбейді. Соны есепке ала отырып, санаториялық-курорттық емделу курстары бізге аса қажет екенін ескере отырып, осы орындарға біздің балалардың баруы үшін мүмкіндік берсе екен дейміз.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу