Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт менингиттен көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт менингиттен көз жұмды

04.06.2018
Қызылорда облысында 27 жастағы жігіт менингиттен көз жұмды

Менингококке шалдыққан Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны көз жұмды. Айта кетейік, 27 жастағы жігіт 30-мамыр күні аудандық ауруханаға жатқызылған болатын.  Жағдайы «ауыр, тұрақты» деп бағаланып, науқасқа жансақтау бөлімінде тиісті ем жасалды. Бірақ, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал, науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адамның жағдайы жақсы, сараптама қорытындысы бойынша инфекцияның қауіпті белгілері анықталмаған. Қазір облыста арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.  

Жақсылық Абдусәметов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қарым-қатынаста болған азаматтардың барлығы бақылауға алынды. Антибактериалды профилактикалық емін толық алды. Ол азаматтардың ішінен қазіргі таңда ауру белгісі байқалып отырған жоқ. Бірақ, медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Алматы облысында іс сапарда болып келген қызметкерлер болған. Сол жақтан келуі мүмкін деген болжам жасалуда. Бірақ, нақты анықталған жоқ.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу