Жыл сайын эко үрдісінің көмегімен 350 нәресте дүниеге келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын эко үрдісінің көмегімен 350 нәресте дүниеге келеді

17.05.2018

Қазақстанда эко-ұрықтандыру арқылы дүниеге келген 2000-нан астам бала бар. Ал, жыл сайын эко үрдісінің көмегімен 350 нәресте дүние есігін ашады. Әр жылда 160 000-нан астам неке қиылса, соның 20 000-ы бедеуліктен жапа шегіп отыр.

Алматыда өткен «Ана мен бала» атты ғылыми форумда мамандар осындай деректер келтірді. Жиын барысында бүгінде белең алған бедеулік пен белсіздікті жаңа технологиялар мен репродуктивті медицинаның арқасында шешудің тетіктері талқыланды. Мамандардың сөзінше, эко-ұрықтандыру бала сүю мүмкіндігімен ғана емес, түрлі ауруларды емдеуге де жол ашады. Қазір елімізде эко-процедурасы 25 клиникада сәтті жасалып келеді. Тіпті, орта жастан асқан әйелдер де перзентті болып отыр.

Вячеслав Локшин, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

- Отандық репродуктивтік медицинаның шетелдерден қалыс қалмағанын мақтана айтамын. Себебі, Қазақстанға әлемнің әр қиырынан отбасылық жұптар келеді. Осы 20 жыл ішінде 42 мемлекеттің азаматтары елімізге келіп емделген. 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ    

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу