Ертеңнен бастап медициналық ұйымдарында ашық есік күні басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап медициналық ұйымдарында ашық есік күні басталады

06.04.2018

Осыған байланысты әр қазақстандық өзінің денсаулығының жағдайы туралы тегін ақпарат ала алады. Сондай-ақ, олар арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық көмегіне жүгіне алады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мәлімдеді.  Бүгінде қазақстандықтардың ең көп шалдыққан дерті - сүт безі обыры ауруы. Оған  35 мыңнан астам адам шалдыққан. Науқастардың 40 пайызы ауруы асқынған соң дәрігерге қаралған. Осы орайда «скринингтердің маңызы зор»,- дейді мамандар.

Берік Шәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

- Халық денсаулығы және өмірдің ұзақтығы әрбірімізге байланысты. Өйткені, 20 пайыз экологиялық, 20 пайызы генетикалық факторларға, 50 пайызы әрбіріміздің өмір тәртібімізге, 10 пайызы денсаулық сақтау саласының медициналық көмекпен қамтылуына байланысты. Яғни, әр қазақстандықтың өз денсаулығын сақтау өте маңызды болып отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу