Бүгін арнайы баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Жыл басында Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарында диабетпен ауыратын жандар дәрі-дәрмектің жоқтығын айтып, дабыл қаққан еді. Тұрғындар қажетті препаратты іздеп дәріханаларды жағалап кеткен болатын. Мұндай жағдай тендердің кеш жариялануынан болып отыр. 2017 жылдың басында да дәл сондай жағдай болған еді. Ал, қазіргі таңда инсулин емханаларға жеткізіліп, науқастарға таратылып берілуде. Енді келер жылы осы қателікті жібермес үшін мемлекеттік тапсырыс жұмыстарын ертерек қолға алу жоспарланып отыр.
Берік Шәріп, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төраға орынбасары:
- Әрине, келесі жылға біздің график бойынша маусым айына тендерлік процедураларды толығымен өткіземіз. Келесі жылға қаңтар айынан бастап уақытылы жеткізіледі және барлық өңірлерге уақытылы беріледі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ