«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» бағытындағы ұлттық электр торабын салу кезінде екі мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Мәжіліс депутаты Асхат Бекенов айтты.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба еліміздің оңтүстігіндегі электр тапшылығын жоюдың тиімді жолы болмақ.
«Нарықтағы тарифті тұрақты ұстап тұру үшін болашақта электр өндіруші және тасымалдаушы компаниялардың жұмысын біріктіру қажет», дейді депутат.
Шынар АСАНҚЫЗЫ