Ақтауда электр қуатын берудегі шектеулер алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда электр қуатын берудегі шектеулер алынды

21.08.2023

Ақтауда «МАЭК» кәсіпорнындағы №3 энергоблок та іске қосылды. Сондықтан мұнай-газ кен орындары мен өндірістік мекемелерге электр қуатын берудегі шектеулер алынды. 3-энергоблокта генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделген. Сондай-ақ, щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Энергоблок сенбі күні жұмыс істей бастады.

Айта кетейік, комбинатта екі бірдей энергоблок істен шығып, электр қуатын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Сондықтан соңғы 1 аптада аймақта электр энергиясы шектеумен берілді. Ал 1-энергоблок өткен жұмада іске қосылды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу