Астана қаласындағы Оңалту орталығы ашылғаннан бері мүлдем жүре алмаған 600 бала аяғынан тік тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласындағы Оңалту орталығы ашылғаннан бері мүлдем жүре алмаған 600 бала аяғынан тік тұрды

21.09.2017

Бұл туралы бүгін осы мекеменің басшысы Шолпан Әділжанқызы 10 жылдық мерейтой қарсаңындағы конференцияда мәлімдеді. Жалпы, осы уақыт аралығында жүйке жүйесі зақымданған, тірек қимылы бұзылған, аутизм, энцефалит, менингит дертіне шалдыққан  40 мыңнан астам балғын мемлекет есебінде ем алды. Оларды түрлі әдістермен сауықтыру мақсатында орталықтың 170-тен астам маманы әлемнің 22 еліне барып біліктілігін арттырған. Алыс-жақын шетелдік дәрігерлердің қатысуымен өткен шеберлік сағаттарының саны да аз емес. «Балғындардың дертінен түбегейлі айығуы үшін медицинадағы жаңа тәсілдердің маңызы зор», - дейді мекеме басшысы.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу