Министрдің орынбасары Алексей Цойдың айтуынша, дәрі-дәрмекті тіркеу кезінде бағаларды асыра көрсету, емдік қасиеті бір препараттарды басқа атаумен қосарлап шығару сынды заңбұзушылықтар анықталған екен. Мұндай олқылықтарды болдырмау үшін министрлік жемқорлыққа қарсы жаңа шараларды бекітті. Бұл қадамдар дәрі-дәрмекті сатып алу, бағаларды белгілеу, сатып алынатын препараттардың көлемі мен тізімін реттеуге бағытталмақ. Жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро өкілдері де денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың дендеп тұрғанын жеткізді.
Альбина ӘШІМ