Ол достарымен дүкеннен қияр, қызанақ, кептірілген балық және бәліш алып, демалуға теңіз жағасына барған. Бірақ, таңға жақын оның асқазаны сыр берген. Басы айналып, қайта-қайта құсып, әбден әлсіреген ол жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Онда барлық ем-шаралар жүргізілсе де, жағдайы жақсармаған соң жансақтау бөліміне көшіріледі. Алайда, беті бері қарамастан екінші күні жан тапсырды. Ауруды анықтау үшін дәрігерлер консилиум өткізіп, қызға «тамақтан ұшынған» деген диагноз қойған. Ал, асқазанын жуу кезінде өте көп мөлшерде стафилококк бактериясы табылған.
Нысаналы ЫҒЫЛ