Өскеменде тойға барған қонақтар астан уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде тойға барған қонақтар астан уланды

14.11.2019

Шығыс Қазақстанда 15 адам астан ұшынып, ауруханаға түсті. Олардың барлығы Өскеменде өткен тойға қатысқан. Дастарханға қойылған астан дәм татып, үйлеріне қайтқаннан кейін жағдайлары нашарлаған. Қазір 8 адам облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Ал қалғаны үйдерінде амбулаторлық ем қабылдауда. 

Сырқаттардан түрлі медициналық сынамалар алынғаннан кейін олардың сальмонеллез ішек инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Астан ауру тапқандардың арасында 3 жүкті әйел бар. Дәрігерлердің айтуынша, осы апта соңында науқастардан тағы бір рет сынама алынады. Сараптама нәтижесі теріс болса, үйлеріне жіберіледі. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу