Медициналық құқық саласында оқулықтар жарық көрмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық құқық саласында оқулықтар жарық көрмек

01.03.2017
«Қазақстанда медициналық құқық саласына қатысты бірде-бір оқулық жоқ. Соның салдарынан денсаулық сақтау саласында жасалған құқықбұзушылықтардың саны көбейіп барады», дейді сарапшылар.

Бұл олқылықтардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта арнайы халықтаралық конференция өткізу жоспарланып отыр. Оған Украина, Әзірбайжан және Беларусь мемлекеттерінің өкілдері қатысады. Нәтижесінде медициналық құқық саласына қатысты әдістемелік құралдар шығарылмақ.

Айнұр АМАНТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу