Қатерлі ісіктің алдын алу үшін аса маңызды скринингке көпшілік мән бермейді. Денсаулық саласының мамандары емханаға осы медициналық тексерістен өту үшін келетіндердің қатары аз екенін айтады.
Мәселен, былтыр осы шараның арқасында қатерлі ісіктің белгілері табылған 36 мың науқастың 95 пайызының дерті алғашқы сатысында анықталған. Бұл ауыр кеселге шалдыққан адамның өмірін мейлінше ұзартуға септігін тигізеді, дейді дәрігерлер.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ