Жаман аурудың алдын алу үшін мемлекет қандай қадамдар жасап жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаман аурудың алдын алу үшін мемлекет қандай қадамдар жасап жатыр?

24.11.2018

Зерттеушілер жуырда қатерлі ісіктің нақты қашан пайда болғанын жариялады. Бұл дерт осыдан 1,7 миллион жыл бұрын пайда болыпты. Арада қанша ғасыр өтсе де, емі толық табылмаған ауруға біздің ел де тосқауыл қоюға тырысуда. Елбасы қазан айындағы Жолдауында Астанада Ұлттық онкология ғылыми орталығын ашу керектігін қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- Астана қаласында Ұлттық онкология ғылыми орталығын салуды бастау керек. Екі жылдан бері айтып келемін. Өзім қатаң ескертпесем, бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізбедіңдер. Биыл іргетасын құйып, салыңдар. Ол жаққа ең озық емдеу жарақтарын алыңдар.

Алып атыраптағы ат төбеліндей елді аты жаман аурудың құрбанына айналдырмау үшін мемлекет тағы қандай қадам жасайды? Бұған дейін нендей қателіктер кетті?

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу