Денсаулық мектебінде ардагерлерге қызмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық мектебінде ардагерлерге қызмет көрсетілді

19.02.2016
Денсаулық мектебінде ардагерлерге қызмет көрсетілді
Алматы қаласындағы 5 аурухананың дәрігерлері Денсаулық мектебіне келген соғыс және еңбек ардагерлері мен алпыстан асқан қарияларды қабылдады.

Білікті мамандар оларға тегін кеңес беріп, медициналық қызмет көрсетті. Қарттардың қан қысымы мен жүрек қағыстарын өлшеп, денсаулықтарын тексерді.

Сондай-ақ, дәрігерлер қарттарға үйде науқастанған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу