Балаларын терезеден лақтырып жіберген ана мен оның қызы жасанды демалу аппаратынан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларын терезеден лақтырып жіберген ана мен оның қызы жасанды демалу аппаратынан шығарылды

08.09.2015
Балаларын терезеден лақтырып жіберген ана мен оның қызы жасанды демалу аппаратынан шығарылды

Бүгін Алматыдағы екі баласын 5-ші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген ана мен оның 1 жастағы қызы жасанды демалу аппаратынан шығарылды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді.

Жанат Қасымжанованың айтуынша, қазір 33 жастағы әйел мен оның кішкентай қызы өздігінен дем алып жатыр. Қаладағы ең үздік дәрігерлерден консилиум құрылған. Әйел есін жиған соң мамандар операция жасау мəселесін қарастырады.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу