Алматыда балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды

24.06.2022

Алматыда алты жастағы балаға қол көтерген балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы мектепке дейінгі білім беру мекемесі хабарлады. Бұған дейін кішкентай бүлдіршінді басынан ұрып, құлатқан видео әлеуметтік желілерде тараған еді.

Көпшілік ата-ана енді балаларын ол балабақшаға жібермейміз деп отыр. Бүгінде мекеме жұмыс істеп тұр. Дегенмен, тәрбиеленуші саны азайып, оған 50 бала барып жүр. Ал ашу-ызасын балаға көрсеткен қызметкер енді еш жерде тәрбиеші болып жұмыс істей алмайды, дейді орталық әкімшілігі. 


Хабарламаларға жазылу