Шығармашылық сабақты алматылық қылқалам шеберлері Жаннұр Әлімбаев пен Пернегүл Омарова ұйымдастырды. Олар қайырымдылық жасауға ниетті әріптестерінің келісімімен арнайы кесте жасаған.
Сол бойынша ұстаздар ай сайын ауысып отырады. Тіпті, олар бұл жұмыстары үшін еңбекақы алудан бас тартқан. Сурет салуға қажетті қағаз, қалам, аспаптарды да өз қаражаттарына сатып алған.
Болат АМАНБАЕВ