Қостанайдағы 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін емханада жылу жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін емханада жылу жоқ

22.10.2014
Қостанайдағы 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін емханада жылу жоқ

Қостанай қаласындағы 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін емханаға әлі күнге дейін жылу берілмеген.

  Медицина қызметкерлері «Бұл келеңсіздікке Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  мекемесі кінәлі», дейді.

Себебі, емхана ғимараты солардың меншігінде.

Едені ойылып, сыртының қаптамасы сыпырылып жатқан ғимарат тиісті талапқа да сай емес. Өзгенің мүлкі болғандықтан, Денсаулық сақтау басқармасының қаржы бөліп, оны жөндеуіне Заң рұқсат етпейді.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

 

Хабарламаларға жазылу