Емі жоқ «Эбола» безгегі Қазақстанға да енуі мүмкін. Осы ретте еліміздің Ұлттық экономика министрлігі шалғай елдерден Қазақстанға келген барлық азаматты шұғыл тексерістен өткізіп жатыр.
Ажалды дерттің алдын алу үшін Астана әуежайына вирусты анықтайтын арнайы құрылғы әкелінді. Әлем бойынша төрт елде ғана бар мынадай тепловизорлармен бүгін Түркияның Анталиясынан жеткен жолаушылар тексерілді.
Әлия ӘШІМ