Астанаға маммологияны дәл анықтайтын озық технология әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға маммологияны дәл анықтайтын озық технология әкелінді

16.10.2014
Астанаға маммологияны дәл анықтайтын озық технология әкелінді

Маммологияны дәлме-дәл анықтайтын соңғы озық технология елордаға тұңғыш рет әкелінді. Мұндай аппараттар тек әлемнің 20 үздік онкологиялық орталығында ғана бар. Соның бірі Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ашылған маммология орталығына әкелінді.

Мұнда кез келген еліміздің қыз-келіншектері ақысыз тексеріле алады. Бұл сүт безі обырын алдын алуға тамаша мүмкіндік дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бұл жоба АҚШ-тың Питсбург медициналық университетімен бірігіп жасалды.

Айғаным АЛИПОВА

 

Хабарламаларға жазылу