Жамбасы жарадан ойылып кеткен балғынның бір басында көптеген диагнозы бар болып шықты. Маңғыстау облысында 1 жастан енді асқан бала науқас күйінде ауруханаға жеткізілген. Оған дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр. Тиісті ем жүргізілгеннен кейін, оны балалар үйіне ауыстыру жайы қарастырылған.
Жамбасындағы жара терең ойылып кетіпті. Үсті-басы лас, салмағы небәрі 7 келі. Негізі 14 келі болуы керек. Дәрігерлер оның қатарынан 6 айға қалыс қалғанын да анықтап отыр.
Жазира ӘБІЛ