Шымкентте бүлдіршінді қараусыз қалдырған балабақша қызметкерлері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бүлдіршінді қараусыз қалдырған балабақша қызметкерлері жазаланды

03.03.2022

Шымкент қаласында баланы қараусыз қалдырғаны үшін балабақшаның 5 бірдей қызметкері тәртіптік жазаға тартылды. Оқиға 1 наурыз күні кешкі сағат бестің шамасында болған. Аулада ойнап жүрген бүлдіршіндердің бірі өз бетімен көшеге шығып кеткен. Тәрбиешілер оны өздері іздеп таба алмаған соң полиция шақыртқан. Арада жарты сағат өткеннен соң, жоғалаған бала табылып, ата-анасына табысталды. №60 «Тараз» балабақшасында болған. Осы оқиғадан кейін қалалық Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие ошақтарындағы жағдайды қатаң бақылауға алды.

Жанат Тәжиева, Білім басқармасының басшысы:

Балабақшаның әдіскеріне, екі тәрбиешісіне және қарауылға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара көрілді. Ал өз жұмысына немқұрайды қарап, ұйымдастыру шарасын дұрыс жүргізбегені үшін балабақша меңгерушісіне сөгіс берілді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу