
Шетелдік қазақ диаспорасының балаларына арнап ашылған жазғы мектептің алғашқы маусымы аяқталды. 7 мемлекеттен келген 150 оқушы екі апта бойы қазақтың тарихымен танысып, рухани-мәдени шараларға қатысты.
Елорданың әсем жерлерін аралап, тарихи атамекенін етене танып, білуге мүмкіндік алды. Оқушыларға ұлттық аспапта ойнау, халық биін үйретуге бағытталған шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.
Жырақта жүрген қазақ балалары тарихи отанына оралуды аңсап жүргендерін де айтып қалды. Көбісі болашақта жоғары оқу орнын Қазақстанда оқуды жоспарлап та қойған.
Әйгерім Мандат, Моңғолия тұрғыны:
Шынымды айтсам, Қазақстанда журналистика мамандығы бойынша оқығым келеді. Осы жақта жұмыс істеп, өзімнің кәсібімді бастағым келеді.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ
