Мұғалімдердің мәртебесін арттыруды ылғи назарда ұстаймыз  - Күләш Шәмшидинова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдердің мәртебесін арттыруды ылғи назарда ұстаймыз  - Күләш Шәмшидинова

01.04.2019

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру - Үкіметтің басты назарындағы мәселелердің бірі. Елбасының Әлеуметтік қамқорлық шараларын халыққа түсіндіру барысында осы мәселеге де айрықша мән берілуде. Мәселен, Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет өкілдері Ақмола облысындағы екі күндік жұмыс сапары кезінде аудан және ауыл ұстаздарымен кездесіп, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың тізбегін түсіндірді.

Саналы ұрпақ өсіру жолында сапалы еңбек етіп жатқан мұғалімдердің еңбегі жоғары бағалана бермек. Ұстаздардың жалақысы соңғы 10 жылда жыл сайын өсіп келеді. Жаңа әлеуметтік бағдарлама аясында 1 маусымда тағы 30 пайызға көтерілмек. Ұстаздар қауымы да бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдап, әлеуметтік саясаттың әрбір бағытына қолдау білдірді.

Айта кетейік, Әлеуметтік қамқорлық шараларын түсіндіру тобы аймақтарды аралап, халықпен кездесіп пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап беруде. Елбасының ел игілігіне бағытталған жаңа әлеуметтік бағдарламаларын баяндауда.

 Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Білім саласында еңбек ететін, ең төменгі айлық алатын мұғалімдердің айлық табысын көтеру, басқа қызметкерлердің айлық табысын өсіру, осы мәселелермен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бүгін мұғалімдермен, білім саласының қызметкерлерімен жеке кездесу болып отыр.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

Мұғалімдердің мәртебесін арттыруды ылғи назарда ұстаймыз. Ұстаздарды әдістемелік тұрғыда қолдау жалғаса береді. Жүйелі әдістемелік кешен жасалып, оның игілігін барлық педагогтар көріп келеді. Енді оның ағылшын тіліндегі нұсқасын жаңа оқу жылында қолданысқа шығаруды жоспарлап қойдық. Алдағы 3 жылда 144 мың ұстаздың біліктілігін арттырамыз деп отырмыз.  

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу