Еліміздегі орта мектептерде білім беру жүйесі жаңа заманның талаптарына сәйкес болуы тиіс. Бұл туралы Алматыда өткен «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» атты алқалы жиында бас қосқан ұстаздар қауымы айтты.
Мұғалімдердің сөзінше, техниканың негіздерін мектеп қабырғасынан үйрену - маңызды. Себебі қазір әлемнің озық мемлекеттерінде балаға сандық технологиялардың тілін білуге жастайынан тәрбиелейді. Осыған сай оқытушылардың да кәсіби деңгейін көтеру қажет.
Динара Мұстағұлова, арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернатының директоры:
- Біз ұстаз болғандықтан заман талабына сай болуымыз керек. Ол - біздің басты міндетіміз. Не дегенмен, біз адам капиталын тәрбиелеудеміз, оларға білім берудеміз. Сондықтан заман талабына сай өзгерістерге қарай біз де балалармен бірге сол өзгерістерге өсуіміз керек.
Руслан ҚОСАНОВ