Сандық технология бойынша жобалар қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сандық технология бойынша жобалар қабылдау басталды

04.04.2015
Сандық технология бойынша жобалар қабылдау басталды

Digital Participation Camp (DPC) 1-12 шілде аралығында германияның Мюнстер  қаласында өтеді. Дүниежүзінің сандық активистері жиналатын іс-шараның мақсаты сандық БАҚ-ты пайдаланып, әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу.                 

DPC қатысушылар арасынан 2015 жылғы лагерь кезінде жұмыс істейтін жеті жобаны іздейді. Жобалар қоғамда жақсы көзқарас тудыратын және жоба біткенсоң да жұмысын жалғастыратындай сандық медианы жаңаша қолданулары тиіс.    

Қатысушылар жол шығыны, тұрар жай  мен тамақты қоса есептейтін толық степендия алуға және жол шығынын өтемейтін жекелеген степендиларға өтініш жаза алады.

Жұмыстар 5 сәуірге дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу