144 мыңнан астам ұстаз біліктілігін арттыру курсынан өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

144 мыңнан астам ұстаз біліктілігін арттыру курсынан өтеді

13.03.2019

Мұғалімді қолдау, көмек беру шарасы жалғасады. Алдағы үш жылда 144 мыңнан астам ұстаз біліктілігін арттыру курсынан өтеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан өңіріне барған Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты. Соның ішінде колледждердің 4 мыңнан астам оқытушысы біліктілігін арттырады.

Сала қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі. Елбасы тапсырмасына сай алдағы үш жылда елімізде 190 мектеп салынады. Сөйтіп, үш ауысымды және апатты жағдайдағы білім ошақтары азаяды. Министр үш тілде білім беруге қатысты жағдайды да түсіндірді.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз қазір барлық мектепте бірден ағылшын тілінде оқытуға көшу деген мәселені көтеріп отырған жоқпыз. Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды мұғалімнің дайындығына, мектептің дайындығына қарап, біртіндеп, рет-ретімен, кезең-кезеңімен кіргізуді қарап отырмыз. Қазіргі таңда республика бойынша 150-ден аса мектеп осы істі бастап кеткен екен, қазір солардың жұмысын зерделеп жатырмыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу