Биыл Жамбыл облысында 5 мыңға жуық мұғалімнің біліктілігі жоғарылаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Жамбыл облысында 5 мыңға жуық мұғалімнің біліктілігі жоғарылаған

13.06.2019

Қазір өңірдегі барлық орта мектептерде жаңартылған білім жүйесінің әдістемесін меңгерген ұзтаздар тәлім беруде. Педагог мамандардың біліктілігін арттыру ортылығы мамандарының айтуынша, соңғы үш жыл ішінде 15 мыңнан астам ұстаз арнайы оқытудан өткен.

 

Бұл білім беру сапасының артуына демеу болуда,- дейді педогог мамандар. Биылдан бастап әлеуметтік тәрбиешілер мен психологтарды даярлау ісі жолға қойылып отыр. Олардың оқушылармен тығыз байланыс орнатып, ұлттық-патриоттық тәрбиеге баулу үшін де арнайы білім курстары ұйымдастырылып отыр.

 

Гүлшат Медетбекова, біліктілікті арттыру институтының директоры:

 

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтының профессор-оқытушылар құрамы ғылыми әлеуеті жоғары және ғылыми-педагогикалық ұйымдарда көп жыл еңбек еткен тәжірибелі оқытушылардан құралған. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері бастауыш пен орта мектептерде балаларды патриоттық тәрбие беруге барын салу үшін біліктілігі жоғары болуы тиіс. Бізде көптеген мамандар осында даярланып шығып, өңірдің әр қырында оқушыларға тәлім беруде.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

 

 

Хабарламаларға жазылу