Әлемде жұмыссыздар саны еселеп өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде жұмыссыздар саны еселеп өсті

13.03.2015
Әлемде жұмыссыздар саны еселеп өсті

Бірақ Эстония үкіметін алаңдатқаны ол емес, бұл мемлекет жұмыссыздарға аш қалмас үшін жәмдемақы төлейді.

Ақпан айының өзінде жұмыссыз жүргендерге ел қазынасынан 4,4 миллион еуро төленген. Аталмыш ақшаны азайту үшін жұмыссыздар санын кеміту керек.

Ал, Латвияда ақпан айында елдің 9,1 пайызы жұмыссыз қалған, яки 87873 адам. Латвия Үкіметі де жұмыссыздықты кемітіп жәрдемақыны аз төлеу үшін барлық амалды қылуда.

Бүгінгі күні жүк көліктерінің жүргізушісі, аспазшы, саудагер, дәнекерлеуші, күзетші сынды жаңа жұмыс орындарын ашқан.

Бірақ сорақысы сол, бұрын кеңседе жұмыс істеп үйренген ел аталмыш қызметтерге бармай отыр.

Тиісінше жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыны алып үйде жатқанды жөн көреді.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу