Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімімен 76 адам «Болашақ» стипендиясының иегері атанды. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аталған комиссияның отырысы өтті. Онда Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру туралы ақпараты тыңдалды. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.