188 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

188 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

28.08.2019
188 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады.

 

«Шетелде мамандар даярлау бойынша республикалық комиссия отырысының шешімі бойынша 188 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия иегері атанғандар шетелдік жоғарғы оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алады. Сондай-ақ, әлемдік ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдама бойынша да жіберілетін болады», - делінген ведомство жарияланған ақпаратта.

Айта кетсек, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған. Бағдарлама мақсаты - елдің экономикасының басым секторлары үшін кадрларды және мамандарды даярлау. 

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі 

 

Хабарламаларға жазылу