Биыл елордалық 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елордалық 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

15.06.2018

Үздік төсбелгіні түлектерге Астана әкімі Әсет Исекешев тапсырды. Салтанатты жиынға қала мектептерінің басшылары мен ата-аналар және халықаралық білім жарыстарының жеңімпаздары қатысты. Биыл Астана мектептерін алты мыңнан астам түлек бітірген. Оның ішінде 400-ге жуық оқушы үздік аттестат алған. Мектеп бітірушілердің 90 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Дәстүр бойынша түлектер де қалаға сыйлық жасапты. Биылғы түлектердің кішігірім аллеясы жаңадан құрылған Байқоңыр ауданында орналасқан.

Айта кету керек, биылдан бастап «Алтын белгі» иегерлеріне ұлттық тестілеу кезінде бұрынғыдай көп басымдық берілмейді. Ендігіде оларға ұпайы өзге түлектермен бірдей болған жағдайда ғана басымдық беріледі. 

Айым Смәділ, «Алтын белгі» иегері:

- Мен Назарбаев Университетіне емтихан тапсырып,  «Foundation» бағдарламасына шақырту алдым. Осы жылдың күзінде сол жерге оқуға барамын. Бұл 11 жыл бойы оқыған еңбегімнің жемісі деп ойлаймын. 

Эльмира Рысбек,  «Алтын белгі» иегері:

Бүгін «Алтын белгі» алғаныма өте қуаныштымын. Көңіл-күйім жақсы. Мұғалімдеріме, ата-анама рахмет айтамын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу