Кәміл сеніммен – кемел келешекке. Еліміз бойынша 147 мың түлек мектеп бітірді. Ал, жалпы биылғы оқу жылы 3 млн-нан астам оқушымен басталған еді. Соның ішінде елорданың білім ұяларынан 6 мыңға жуық жас қанат қатайтты. Ал, Алматы қаласында 9 мыңнан астам бала мектепті тәмамдады. «Алтын белгі» иегері атанғандар саны республикада 7 мыңға жетті. Мектеп бітірушілердің 70 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге өтініш білдірген. Олардың 73 мыңы сынақты қазақ тілінде тапсырады. Мемлекеттік емтиханды ағылшын тілінде тапсыруға 250-ге жуық түлек ниет білдіріп отыр.
Түлек – 147 мың
Астана – 5 800 оқушы
Алматы – 9 100 оқушы
«Алтын белгі» - 7 000 шәкірт
ҰБТ – 70%
Қазақ тілі – 73 000 адам
Ағылшын тілі – 250 адам
Нысаналы ЫҒЫЛ