ҰБТ-ны биыл 100 мыңнан астам түлек тапсырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-ны биыл 100 мыңнан астам түлек тапсырады

20.03.2014
ҰБТ-ны биыл 100 мыңнан астам түлек тапсырады

Биыл Қазақстанда 100 мыңнан астам түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап, хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойынша, ҰБТ өткізуге арналған 154 пункт дайындалады. Бұл жерлерде сынақты ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комиссиялар құрылған.

«ҰБТ-да қолданылатын емтихан материалдары жасақталуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде 10 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін түлектерден өтініштер қабылдау жүргізілуде», - делінген хабарламада.

«2014 жылы 134 648 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 80 пайызы ҰБТ-ға қатысады деп болжануда, бұл шамамен 107 000 түлек», - делінеді ҚР БҒМ хабарламасында.

ҰБТ форматы өзгеріссіз қалып отыр. Қазіргі уақытта барлық аймақта оқытушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттандыру жұмыстары қалалық және ауылдық мектептердің қатысуымен онлайн режимінде ұйымдастырылуда.

Хабарламаларға жазылу