Бүгінгі таңда гректердің 26 пайызы екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүр. Бұл шашамен 1,2 миллион адам. Осыншама елдің қызметсіз қаңғып қалуы онсызда экономикалық тұрақтылықтан айрылған Грекиядағы жағдайды мүлдем қаусатып тастауы мүмкін дейді сарапшылар.
Қарапайым халықтың назынан бөлек, Грекияның өзге елдер алдындағы мемлекеттік қарызы 230 миллиард еуроны құрайды. Биылғы жылдың өзінде гректер халықаралық кредиторларға 20 миллиард еуро төлеуі керек.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ