2019-2020 жылғы оқу жылынан бастап жоғарғы сыныптарда жаратылыстану пәні ағылшын тілінде оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019-2020 жылғы оқу жылынан бастап жоғарғы сыныптарда жаратылыстану пәні ағылшын тілінде оқытылады

27.10.2017

Бұл жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыруды көздеген салалық министрліктің жобасы. Қазір осы бағыттағы дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Мысалы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мұғалімдердің білімін көтеруге күш жұмсап жатыр. Жалпы, Алматыда 202 мемлекеттік білім беру ұйымы, 48 жеке мектеп бар. Солардың барлығын көп тілде білім беру бағдарламасына дайындау үшін «Әуелі ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет», - дейді мамандар.   

Қарлығаш Әбдіманапова, қалалық білім басқармасының бас маманы:

 - Бізде қалада 4 мектеп бар. Ол жерде үш тілде сабақ беріледі. Енді сол мектептердің қатарына 2017-2018 жылдардан бастап 27 пилоттық режимде 27  мектеп қосылды. Осы мектерде 8 сыныптардың оқушысы әртүрлі пәндерді ағылшын тілінде оқып жатыр. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу