Петропавлда мұғалімдердің республикалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда мұғалімдердің республикалық форумы өтті

22.06.2017

Петропавлда жаратылыстану пәні мұғалімдерінің «2+1: өзіңнен баста» деп аталатын республикалық форумы өтті. Жиынға алдағы оқу жылы жаратылыстану-ғылыми циклы пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлап отырған  мектеп директорлары мен педагогтары қатысты. Олардың ішінде пәндік-тілдік арнайы курстарды оқып шыққан  биология, химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдері де бар.

Форумды ұйымдастырудағы мақсат - ұстаздар мен ата-аналар қауымының оң қарым-қатынасын қалыптастыру.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу