Мұғалімдердің халықаралық конференциясы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдердің халықаралық конференциясы өтуде

26.10.2017

Білім саласы күн сайын өзгеріс пен жетілдіруді қажет етеді. Елді көштен кеш қалдырмау үшін әлем елдерінің үздік тәжірибелерін енгізіп отыру керек. Бұл туралы мұғалімдердің халықаралық конференциясында айтылды. Осымен 9-шы рет ұйымдастырылып отырған шараның тақырыбы биыл құндылықтарға арналды. Балаға тек білім беріп қоймай тәрбиесіне де ерекше назар аудару қажеттілігі айтылды. 2 күнге созылатын конференцияда өзге елдердің тәжірибелері зерттеліп, лайықтыларын Қазақстанда да пайдалану жоспарланған.

Күләш Шамшидинова, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Басқарма төрайымы:

 - Жаңартылған білім бағдарламасы деп біз неге айтамыз. Себебі, білімнің бағдарламасы ол түбегейлі, толыққанды өзгерген жоқ. Мына мектеп осы уақытқа дейін беріп келген негізгі базалық дағдыларды әлі де болса қалыптастыра береді. Бірақ, күтілетін нәтиже өзгерді. 21 ғасырдағы білім саласының ерекшелігі -  құндылық негізінде біз тәрбиелеуіміз керек. Себебі, баланың бойында отанына, елге, халыққа деген сүйіспеншілік жақсы қалыптасуы қажет.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу