Биыл жыл соңына дейін 24 жаңа мектеп пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл жыл соңына дейін 24 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

12.09.2017

1-қыркүйекке дейін 52-сі ашылған. Осы мақсаттағы жұмыстарға Ұлттық қордан 72 миллиард теңге ақша бөлінді. Бұл туралы Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында айтылды.

Жалпы, биылғы жоспар бойынша ашылатын 76 мектеп 45 мың оқушыға шақталады. Нәтижесінде 63 мектепте 3 ауысымды оқыту жойылып, апатты жағдайдағы 12 оқу орнының жаңасы беріледі. Дегенмен, құрылыс кестесінен кешігіп жатқан нысандар да бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу