Алматы облысы, Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келіп, оқушыларға жаңа оқу жылында үлкен жетістіктер тіледі. Ғимараттың құрылысына 1 млрд. 924 млн. теңге қаржы жұмсалған. Сондықтан, спортзалы еңселі, оқу сыныптары кең, яғни білімгерлер үшін барлық жағдай жасалған.
Жалпы, өңірде Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 35 мектеп салынып жатыр, соның 27-сі биылғы оқу жылында пайдалануға беріледі.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ