Қосүйеңкі ауылында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосүйеңкі ауылында жаңа мектеп ашылды

03.10.2014
Қосүйеңкі ауылында жаңа мектеп ашылды

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылында 200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мыңға жуық адам тұратын ауылдағы бұрынғы мектеп апаттық жағдайда болатын. Білім ошағының құрылысы былтыр басталған.

Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 

Айта кетейік, жарты жыл бойы облыста 37 мектеп салынған. Ал, Жаңақорған ауданында өткен жылы 6 мектеп пайдалануға беріліп, биыл бұл көрсеткіш 5 мектепке дейін артқан.

Сурет: strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу