«Кәсіпқор» холдингі колледждерде мүгедек балаларды оқыту бағдарламасын әзірлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кәсіпқор» холдингі колледждерде мүгедек балаларды оқыту бағдарламасын әзірлеп жатыр

04.08.2017

Қазақстанда 800-ден астам кәсіптік техникалық оқу орны болса, соның тек 47 пайызы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді. Ал, оларға арналған арнайы оқу бағдарламалары мүлдем жоқ. Бұл туралы бүгін «Кәсіпқор» холдингінде өткен семинар барысында айтылды. Елімізде тек 30 колледжде инклюзивті білім беріледі. Қалғандары жалпы топтарда оқытады. Сондықтан, холдинг мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеуге кіріскен. Алайда, жаңа білім жүйесі алдағы бірнеше жылда қолданысқа енбейді. Себебі, бағдарлама дайындалып, содан соң тиісті қаржы қаралуы керек.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу