Жұмысты ғаламтор арқылы іздеуге машықтану керек - Т.Жұмағұлова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысты ғаламтор арқылы іздеуге машықтану керек - Т.Жұмағұлова

26.08.2014
Жұмысты ғаламтор арқылы іздеуге машықтану керек - Т.Жұмағұлова

Қазақстанда жұмыс берушілердің 48 пайызы қызметкерлерді ғаламтор арқылы іздестіреді.

Бұл туралы бүгін жұмыс берушілер мен түлектер арасында жүргізілген сауалнама қорытындыларына арналған брифингте «Кәсіпқор» холдингінің Жастар ісі жөніндегі департаментінің директоры Тоғжан Жұмағұлова мәлімдеді.

Оның айтуынша, осыған сәйкес түлектер жұмысты интернет арқылы іздеуге машықтануы керек.

«Жұмыс берушілердің 48 пайызы жұмысшыларды интернет арқылы іздейді. Сонымен қатар, олардың 28 пайызы бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды тек өздерінің сайттары арқылы жариялайды. Іздеушілер үшін ыңғайлы емес. Бірақ, түлектер түрлі компанияның сайттарына кіріп, бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қарап отыруы қажет», - деді ол.

«Кәсіпқор» холдингі  жүргізген әлеуеметтік сауалнаманы елдегі жұмыс берушілер мен түлектердің мәселесін зерттеу және оны шешу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі пайдаланатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу