Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің әлеуетін арттыруға басымдық беруі керек. Себебі, стипендия – білікті мамандар дайындау мен білім беру жүйесіндегі озық тетік. Бұл туралы Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтты.
«Елбасы ұлттың табысты болуы табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабылеттілігімен айқындалады»,-деген еді. Осы ретте, «Болашақ» Президент стипендиясын дамытудың маңызы зор»,- деді Мемлекеттік хатшы.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ