Алматы облысының Жамбыл ауданында биыл 1 мың 57 түлек мектеп бітірді. Ал, аудан бойынша 12 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, 20 бала ерекше үлгідегі аттестат алды. 712 түлек Ұлттық Біріңғай тестілеуді тапсыру үшін әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, Ұзынағашта өткен салтанатты шара кезінде ұстаздар да ұлықталды. Аудандағы екі мұғалім дәстүрлі «Алаш ұстазы» медалінің иегері атанды.
Мирас МҰҚАШ