ОҚО-дағы мектептердің біріне Толыбай батырдың есімі берілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы орта мектептің біріне ерлігі ұрпаққа ұран болған Толыбай батырдың есімі берілді. Ол жоңғарларға қарсы соғыста атой салып, баһадүрлігімен дараланған дала перзенттерінің бірі. Білім ұясына батырдың есімі берілуімен қатар, оған ескерткіш те тұрғызылды. Оның ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Мерекелік шара барысында қазақша күрес ұйымдастырылып, білекті жігіттер боз кілемде күш сынасты. Сондай-ақ, өзге де ұлттық ойындар ойналды. Батыр есімін иемденген оқу ордасында бүгінде 800-ден астам шәкірт білім алады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Капитан Байтасов» фильмі көрерменге жол тартты
23.10.2025, 10:13

Семейдегі Абай музейіне – 85 жыл
23.10.2025, 10:12
403 педагог кадрлық резервке енді
23.10.2025, 10:10
25 қазан - азат елдің айшықты күні
23.10.2025, 10:09
Ресейде дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін
23.10.2025, 10:08
Дональд Трамп өзі басқаратын үкіметтен 230 миллион доллар өтемақы талап етті
23.10.2025, 10:02
Өзбекстанда үкіметаралық комиссия отырысы өтеді
23.10.2025, 10:01
Сенат жасанды интеллект туралы заңды қарайды: не өзгереді?
23.10.2025, 09:59